БАҺОДІР ЧОРИЕВ: ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫНА ҚАТЫСУҒА ТЫРЫСАМЫЗ

Әріптің көлемі: Қалыпты

 

Қазіргі таңда АҚШ-та  тұратын  өзбек  оппозициясының  белсендісі,  «Бирдамлик»  («Ынтымақ») халықтықдемократиялық  қозғалысының  көшбасшысы  Баһодір  Чориевпен  сұхбат.

 

 Баһодір Хасанұлы, 2004 жылдың 10 сәуірінде өз жұмысын бастаған «Бирдамлик»халықтықдемократиялық қозғалысы Өзбекстанда ғана емес, сонымен қатар алыс-жақын шет елдерде де танымал қозғалысқа айналып үлгерді. Мұндай абыройға оңайлықпен жетпегендеріңізді жұмыстарыңыздан хабардар ел жақсы біледі. Айтыңызшы, қозғалыстықұрған кезде алдарыңызға қандай мақсат қойған едіңіздер?

– 2001 жылдың 2 қаңтарында Қашқадария облысы прокуратурасы жағынан әділетсіз шешім шығарылып, темір торға тоғытылғаннан кейін өмірім астан-кестең болды. Тергеу, сот кезеңдері, қамауда көрген қиыншылықтарым мен кейінірек «Кеш» Ашық акционерлік қоғамының маған тиесілі 60,5% акциясын әкімшілік, тіпті министрліктің араласуы себебінен жоғалтып ала жаздауым, Өзбекстандағы сол кездегі режим менің ойымды түбегейлі өзгертіп, елдің ахуалы саяси реформаларға мұқтаж деген шешімге келуіме ықпал етті. 2003 жылдан бастап пикет және саяси жиналыстарға белсенді қатыса бастадым. Сол жылдары Өзбекстандағы оппозициялық ұйымдармен және олардың белсенді мүшелерімен жақын таныстым. Оппозиция бар, бірақ Кәрімов режиміне қарсы күшті стратегия, саяси платформа керек деген қорытындыға келдім. Бұл кезең ішінде оппозициядағы бірде-бір команда мені өздеріне тарта алған жоқ. Мені «күш көрсетпеу» стартегиясы қатты қызықтырған болатын. Сондықтан 2004 жылдың 10 сәуірінде күш көрсетпей күресетін «Бирдамлик» қозғалысының негізін қаладым. Кейінірек біз «Бирдамлик» халықтық-демократиялық қозғалысына айналдық.

Саяси жұмыстарды бастаған кезде мен саяси мүдде көздеген жоқпын. Тек бір ғана мақсатты алға қойдым. Ол – өзбек оппозициясына жетіспей тұрған әрі оған мұқтаж саяси платформаны құру және оппозицияны осы платформаға шақыру болған еді. Өкінішке орай, біздің өзбек оппозициясы менің бұл ниетімді жақсы ұқпады. Олар менің саяси іс-әрекеттерімді теріске шығарумен болды, тіпті кейбіреулері «Бирдамлик» қозғалысын билік құрып берген деген өтірік ақпараттар таратты. Ең өкініштісі, сол жылдары бізге бір жағынан билік зорлық-зомбылық жасап келген болса, екінші жағынан «Эрк», «Бирлик» партияларының жетекшілері және оларды қолдаушылар көп кедергі жасады. Уақыт өте келе кімнің кім екені айқындалды.

 Көпшілік «Бирдамлик» ХДҚ-ның өз күші, тәжірибесі және біліміне сүйеніп, Президент Ислам Кәрімовтың режиміне қарсы күресіп келгенін біледі. Бүгін сіз бен біздің арамызда Кәрімов жоқ. Президенттің дүние салуы Өзбекстанда саяси жағдайды түбегейлі өзгертіп жіберді. Бұл фактор саяси мүдделеріңізге ықпал еткен жоқ па, яғни келешекте Өзбекстанда болатын Президент сайлауына қатысуға байланысты пікіріңізді өзгертіп жібермеді ме?

– Біз, әрине, келешекте Президент сайлауына қатысуға тырысамыз. Кәрімовтың кенеттен дүние салуы біз үшін де күтпеген жайт болды. Алайда соған қарамастан біздің ұйым өзінің идеясы және мақсаттарына сай жұмыс істеп келеді. Бүгінгі таңда біз – өзбек оппозициясы ішіндегі ең күшті және жақсы ұйымдастырушы ретінде жұмысын жүйелі жолға қойған қозғалыспыз. Партияға айналуға айтарлықтай дайын тұрмыз. Демеуші тапсақ, біз, әрине, сайлауға қатысамыз. Қазіргі биліктің бізді сайлауға қатыстырмауға тырысуы, жұмыстарымызға үлкен тосқауылдар қоюы сөзсіз. Біз дәл қазір қаржы жағынан қысылып отырмыз. Егер біз жақын арада осы мәселені шеше алсақ, онда алдағы сайлауға белсенде түрде атсалысамыз. Өзіңіз білетіндей, барлық нәрсе қаржыға тіреледі!

– 2015 жылғы Президент сайлауында шет елдерде тұратын оппозиция көшбасшылары сайлауға өз кандидаттарын ұсынуға шынайы тырысқан еді. Олардың ішінде сіз де болдыңыз. Алайда билік сіздердің Президент сайлауына қатысуларыңызға қарсы болғаннан соң шет елде Виртуалдық сайлау комиссиясы құрылды және сіз 9 кандидат арасынан жеңімпаз аттанып, Виртуалдық сайлау комиссиясы жағынан Өзбекстан Президенті болғансыз. Меніңше, сіздің виртуалдық сайлауда жеңімпаз атануыңызға басқа кандидаттармен өткізген дебаттардағы тұрақты позицияңыз және сауатты бағдарламаңыздың болғаны септігін тигізді. Сол кездері диктатура орнына бұқаралық меншік құру, заңға сүйенген, ашық мемлекет құру туралы идеяларыңыз, мақта монополиясын жою мен іскерлікті өркендетуге тосқауыл болып тұрған жасанды факторларға, кіші және орта бизнесті кеңінен қолдау жайлы ұстанымдарыңыз көпшілікке қатты ұнаған болатын. Бұл жолғы бағдарламаңыз туралы айтып берсеңіз.

– Бұл бағдарламамыз да бұрынғыдай. Алайда бұл жолы ғылыми реформаларға назар аударудамыз. Сонымен қоса саяси және экономикалық реформаларға да көңіл бөліп отырмыз. Біз Өзбекстан елінің ұлттық меншікке негізделген демократиялық мемлекет болғанын қалаймыз!

 Баһодір Хасанұлы, тіке сұрақ қойсам деймін. Егер елде сайлау әділетті өтіп және оның нәтижесінде «Бирдамлик» ХДҚ билік басына келсе, Өзбекстанның ішкі және сыртқы саясатында қандай өзгерістер болады?

– Біз өзіміздің бағдарламамыз бен жоспарымыздағы барлық бөлімдерді орындауға тырысамыз. Мұның нәтижесінде Өзбекстан дамушы елдер қатарына кіреді. Ғылым, медицина, мәдениет салаларында түбегейлі реформалар жасалып, жағдай жақсы жаққа қарай өзгере бастайды. Әлеуметтік қорғау саясаты жүзеге асады. Экономика даму жолына түседі. Көрші елдермен экономикалық интеграция жасаймыз. Өзбекстан әлем нарығына өзінің бет айнасымен (бренд) кіріп, онда өзінің бірегей орнын табады. Елге валютаның кіруі артады. Мемлекеттегі мақта монополиясына тыйым салынады. Барлық жерлер жекеменшіктерге беріледі. Валюта қара базарының тамырына балта шабылады. Елде жұмыссыздықты жою жобалары қарастырылады. Жемқорсыз мемлекет құру басты қағидаға айналады. Елде демократиялық құндылықтарға баса назар аударылып, баспасөз, сөз бостандығы, отандастарымыздың құқығы қорғалып, таңдау еркіндігі артады.

 Орталық Азия өңірінде орналасқан елдер мен халықтардың ең үлкен мәселесі не?

– Меніңше, ең үлкен қиындық – ел басқарудағы тоталитаризм. Егер аймақ елдері жоғары демократиялық платформаға өтіп, тоталитаризмнен бас тартпаса, олардың даму жолына түсуі екіталай.

Сұхбаттасқан Рузибай ӘЗІМИ

Abai.kz

15 пікір 1176 рет оқылды Қосылған: 14.10.16
    • #1
    • Салафи
    • сб, 15/10/2016 – 0:38

    Бізде де аяқ астынан бола қалатын сайлауға әрқашан дайын отыру керек. Оның үстіне кәріліктің дәріс әлі табылған жоқ, табылмайды да. Ал табылады деп үміттенетіндер Пайғамбарымыз с.а.с. айтқан сөздеріне сенбей күпірлікке түскен болады.

    • #2
    • Есенғали, Антакиядан
    • сб, 15/10/2016 – 7:49

    Салафи, ӘӘӘ дертіне шалдыққанда «НӘР» бар, Құдекеңнен «отсрочка» бар, ошшым, ҚОЩЕЙ.

    • #3
    • Есенғали, Антакиядан
    • сб, 15/10/2016 – 8:35

    Шопыр «дальнебойщик» Өзбекстан президенті болып сайланса, өзакалар «дальше» кетіп, қазақты шаң қаптырып кетеді екен ? !

    • #4
    • ШАЛА Казахпын
    • сб, 15/10/2016 – 8:58

    Итке темiр не керек Казахка футбол не керек …… http://www.championat.com/football/article-258778-chto-nado-znat-o-napadajuschem-sbornoj-uzbekistana-eldore-shomuradove.html

    • #5
    • путин
    • сб, 15/10/2016 – 12:26

    ей қазақ мен шешемін сендердің хандарыңды так что көтеріңді қысып отырыңдар с-400 зениті сендерге бұрғанымды қалап отырсыңдарма сендере қатын болса болмайма көтерің көлдеи болмайма так что көтеріңіді қысып отырыңдар ешкімге араласпай

    • #6
    • Мақсұт
    • сб, 15/10/2016 – 17:36

    «Өтеді, бәрі өтеді, замандар да,
    Уақытты тоқтататын шамаң бар ма?
    Жаным ашып қараймын бұл өмірді,
    Өтпейтіндей көретін адамдарға.»
    Осыны айтқан М. Махатаевтың адами ақыл парасаты осы күнгі паразидентсымақтардан қаншалықты биік еді -десеңізші? Ертең мына «Ұлы көш басшылар мен кемеңгер билеушілер» ешкімге де керек болмай ұмытылады, олардың тағдырларын төрт жолға сыйғызған Шалкөделік ақын ғасырлардан әрі асады! Міне Әділеттілік! Елбастылар мен албастылар мықты болса осыны өзгертіп көрсінші! Күні кеше Кәрімовты көтеріп, көтермелеп апарып көмді. Көздерін күйкі күннің кермегімен сулағандар да болған шығар. Бірақ ерт ең Ол да ұмытылады. Ең әрісі Айбек, Айнилердің бұтағындағы бір жапырақ болуға да жарамайды. Майқы би айтқан: «Тізесінен қан кешіп, белуардан май кешқен» билікте Ислам Каримов Өзбек халқына көп еңбек етіп, экономикасын тәуелсіз қылып, қарызсыз өткізіп кетсе де- сол «тізеден кешкен қаны» оның тарихтағы атын сызып тастап, қара бояумен өшіреді. Біздің паразиденттің хәлі одан да мүшкіл… «Май басып кетті!» Май сасып кетті! Каримовтың қызы Гүлнара дүние қоңыздығымен әйгіленбесе де, артында әңгіме болды… Ал біздің «принцессаның», принцессалардың, күйеубалалардың, тағысын тағылардың талан таражы тарихымыздың қай беттерінде қандай нұсқамен жазылар екен?! Осының бәрін ертең ел білмей ме? Осының бәрін Халық кешіре ме? Халықты «мәңгілік мәңгұрт» ету мүмкін емес! Бүгін бергенін ертең қайтадан тарытп алады. «Жаным ашып қараймын бұл өмірді, Өзгерместей көретін адамдарға!»
    Кәрімов аз мүмкіндікпен көп Халыққа әлде қандай болса да жағдай жасады. Біздің Елбасты көп мүмкіндікпен аз ғана Халықты қарызға батырып, кедей мен байдың арасын аспан мен жердей бөліп жіберді. Ертең «байлар» бет бетіне безеді, «кедейлер» қарғысқа көмеді. «Байларға» бүкіл әлем бесік болуы мүмкін, ал «кедейлер» осы елдің, жердің иесі-тарихты да жасайтын солар! Назарбаев әу баста -ақ өз таңдауын жасаған, ендігі таңдауды Халық- Сіз бен Біз жасаймыз!!!

    толығырақ >>

    • #7
    • Есенғали, Антакиядан
    • сб, 15/10/2016 – 18:29

    Халықтың аз бөлігін уақытша алдауға болады, басы бүтін ұлтты мәңгі алдай алайсың, мың жерден «кемеңгер» болсаң да.

    Садриддин Айниді (өзі тәжік) өзбек тілінде көп оқығанмын.

    • #8
    • Нагыз казах
    • сб, 15/10/2016 – 21:32

    Максут,

    Айына бир еки рет казы карта жеп журсен, туыстарынның тойынан калмай барып журсен, тамагын ток, койлегин кок болса, интернетке шыгып шер таркатар компьютерин мен соткан бар болса, одан артык кандай БАКЫТ керек?

    • #9
    • Мақсұт
    • сб, 15/10/2016 – 23:40

    Нағыз қазақ!
    «Бақыт» деген тек тоғышар қарынның тоқтығы емес қой. Менде бәрі болып, ал көршім күнін көре алмай жүрсе, маған ондай «бақыттың» не керегі бар?! Елде әділетсіздік бар! Міне, Мен соған қарсымын. Елде Үлкен Ұрылар үстемдік құруда! Міне, мен соған қарсымын. Құдықтағы құрбақалар да «өз бақыттарын» әспеттеп күнін көреді, ал әлемде теңіздер мен көлдер барын, ағын сулар мен мыңдаған балықтардың сайран салып жүрерін олар қайдан білсін!… «Қазақ» бірдеңе түсінген боларсың -деп үміттенемін.

    толығырақ >>

    • #10
    • Күйеу балдар
    • сб, 15/10/2016 – 23:57

    Біздің Қазақстанды торлаған өсімқор банк жүйелеріміз бар. 5 жарым миллион халық, яғни халықтың үштен бірі бізге қарыз. 5,5 млн крепостной азаматтарымыз бар. Біздер солардың арқасында Форбстың тізімінен түспей келе жатырмыз. Атай мен Ұлттық Қордың ақшасы, одан қалды қарызқұмар қазақтар тірі тұрғанда люббой кризис бізге ерунда. Пайдамыз азайып бара жатса миллиардтаған көмек бірінші очеред бізге тиесілі.

    • #11
    • Нагыз казах
    • жб, 16/10/2016 – 0:27

    #10 Күйеу балдар,

    гулама аталарыныз бар кандай БАКЫТТЫ жандарсыздар!

    • #12
    • Сапарбай Жобаев
    • жб, 16/10/2016 – 2:59

    Озбекстан мумкиндиктери орасан ел. Тек, билик шектеулер мен жемкорлык жолымен тобелдей аз гана адамдардын шексиз даулетке ие болуына жагдай жасады. Ал, бухара халык оз ырысын шеттен издеуге мажбур. Жана билик осы тизимди аз да болса озгерткени дурыс болар еди. Умитсиз шайтан.

    • #13
    • DUMAN MAKANSHY
    • жб, 16/10/2016 – 13:16

    Əз Жəнібек билерін жинап алып – Дүниеде не өлмейді деп сұрағанда, билері бір ауыздан – дүниеде:
    Ай мен Күн өлмейді.
    Асқар Тау өлмейді.
    Ағын су өлмейді.
    Қара жер өлмейді
    деп аяқтай бергенде Жиренше шешен билерге былай деп қарсы шығыпты:

    Ай мен Күннің өлгені еңкейіп барып батқаны!
    Асқар таудың өлгені басын бұлттың жапқаны!
    Ағын судың өлгені қыста мұз болып қатқаны!
    Қара жердің өлгені бетін қардың жапқаны!
    Ажал деген атқан оқ, бір Алланың қақпаны!
    Дүниеде не өлмейді:
    Жақсының аты өлмейді!
    Ғалымның хаты өлмейді!
    Ұстаның заты өлмейді!
    деген екен. Жалпы мен Мақсұт ағамыздың ойларына тəнтімін!
    Паразидент елбасты Мұқағали атамыздың төрт шумақ өленің о дүниеге барған кезінде де түсінбейді ау, бүкіл қазақтың маңдайына берген минералдық байлықтарын əкесінен қалған меншігіндей көреді! Енді қытайдан келетін 51 кəсіпорын аспанда салақтап тұрама? сол 51 кəсіп орынмен 51 мың қытай келсе қəйтеміз? оларда қазақ жерінің үстінде ұшып жүреме? қазақтың жерін қытайға үлестіріп беріп Есенғали ағамыз айтпақшы ертең Х сағаты келгенде бағыты Сингапурма əйтеуір онтүстік шығыс азияға тайып тұратыны белгілі. Сол кезде жерінен айырылған қазақ халқы қалады албастыға қарғыс жаудырып.

    толығырақ >>

    • #14
    • Түңілген
    • дн, 17/10/2016 – 1:21

    Қарнының ғана тоқтығын ойлайтын топас, тек ас ішіп, аяқ босатар, алқаш, тоғышар #8Нагыз казах-тар тұрғанда бізде мықты оппозициялық қозғалыстар мен партиялар пайда болуы, пайда болғандардың өзі өмір сүруі неғайбыл.
    Мақсұт және Есенғали, Сіздерсіз ешқандай қазақ сайттарының дәм-тұзы татымайды!
    Сондықтан, Алла Сіздерге күш-қуат берсін!
    Жартылай тағылардың көзін ашып, көкіректерін оятып, табандарының астына шоқ сала беріңіздер!
    Ертең, Елбастыдан кейін, олар да бізге қажет болып қалулары мүмкін.

    толығырақ >>

    • #15
    • Есенғали, Антакиядан
    • дн, 17/10/2016 – 8:19

    Дүниеде не өлмейді :
    Жақсының аты өлмейді !
    Ғалымның хаты өлмейді !
    Ұстаның заты өлмейді !
    «Ұстаның заты» демекші, былтыр Өзбекстанға қыдырып барғанымда жасы жетпістен асқан апам, «Мынау ағамның (менің әкемді айтады) мен тұрмыс құрғанымда жасап берген сандығы еді» деп бетін бедерлеп (чеканка) жасаған сандық көрсетті.
    Өзім де ағаш оямын, чеканка жасаймын, сурет саламын. Талай дүнием туған-туысқандардың үйінің төрінде тұр.

    толығырақ >>

Copyright © 2018 Birdamlik.Info